Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы болмақ. Әзiрге жетi стансадан тұратын метро желiсiнiң жалпы ұзындығы 8,56 шақырымды құрап отыр. Алматы метросына осы көрсеткiшi арқылы ғана «Гиннестiң рекордтар кiтабына» енуге болады. Бүгiнгi таңда ең қысқа метро ретiнде «Гиннестiң рекордтар кiтабына» 7 стансаның басын бiрiктiрiп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрап отырған Екатеринбург қаласының метросы енiп отыр. Алғашында 32 стансаға жоспарланған метрополитен тоқырау жылдары қаржының тапшылығынан банкротқа ұшыраған болатын. КСРО-ның тұсында алғашқы топырағы шығарылған Екатеринбург (Свердловск) метросының 22 жыл салынғанын ескерсек, Тәуелсiздiгiмiздiң елең- алаңында ғана түрен салынған Алматы метросының бүгiнгi күнiне тәубе деуге болатындай. 23 жылға созылды десек те, соңғы 10 жылда құрылысы жандана түскен метроның әлемдiк сипатына әлем таңданатындай болады десек, артық айтқандық емес.
Лондон метросы – қарт Еуропадағы ең ежелгi метро
Пайымдау әңгіме
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.