Алтынемел - Жетісу Алатауында орналасқан ұлттық саябақ. Негізі 1996 жылы қаланған. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» кіреді. Әсіресе «Әнші құм» жер шарының түкпір-түкпірінен келген туристтерді таң қалдыруда. Саябақта бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.
Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Сол себепті мекендейтің жануар да, бақта өсетін өсімдіктер де табиғат жағдайларына керемет бейімделген.Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Бақтың сан алуан керемет табиғатын сақтау барша еліміздің азаматтарының міндеті.
томирис патшайым жайлы толық мағлұмат тауып берсеңіздер? ол жайлы көп дерек жоқ дейді ғой.
массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. геродоттың естелігінше парсы патшасы кир томириспен соғыста қаза болған. кир патша томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. томирис кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қ. қулығы іске аспаған кир 530 ж. массагеттерге ашық соғыс жариялайды. кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. массагеттер кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. соғыста томиристің спаргапес тұтқынға түседі. томирис босатуын сұрайды. бірақ, спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. томирис айтқанын тыңған кирге қарсы шабуылға шығады. шайқаста массагеттер жеңіп кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. томирис торсықты қанға толтырып, оған кирдің басын салуға бұйрық береді: «сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың! » дейді. томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. бұл аңыз жырлар томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.
амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт етқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.