Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.
1858-1859 жылдардағы Қашқарияға сапары Ш. Уәлихановтың ғылым, ағартушылық саласындағы шығармаларының жаңа белеске көтеріліп, дәуірлеп өсуіне жол ашты. XIII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, содан 1603 жылы саяхатшы Гоес қана болған Қашқарияның географиясы, саяси құрылымы, мәдениеті мен тұрмыс-салтының ерекшелігі туралы үш жарым ғасыр бойы Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған. Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан төре Шоқаннан бір жыл бұрын Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинтвейттің басын кескен болатын. Экспедицияны Қашқарияға жіберу туралы шешімге 1857 жылы тамыздың 22-сінде II Александр қол қойған.
Соғыс министрі Сухозанеттің тапсыруымен экспедицияны ұйымдастырған Гасфорт Айрықша Сібір корпусында Шоқан Уәлихановтан басқа офицердің экспедицияны басқара алмайтындығын ескерткен. Сөйтіп, Жетісуда жүрген Уәлиханов экспедицияға аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы маусымның 28-інде келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылды.