iliasnurdos
04.03.2020 13:04

Рассказ Ыбырая Алтынсарина "Отец и сын" Дайте характеристику отцу и сыну на казахском : Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты: — Анау тағаны көтеріп ал, балам,-деді. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,— деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды. Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкеснің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты. — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жүмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың, — деді.


Рассказ Ыбырая Алтынсарина Отец и сын Дайте характеристику отцу и сыну на казахском : Бір а ертіп,

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
girlmarta
01.05.2021 05:01

Отанымыз, кең байтақ еліміз, қазақ ата-бабаларымыздан қалған жер — Қазақстан. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған.Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.

Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша  екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.

Ескерту. Интернет желісіндегі материалдар алынды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
samininav1
09.10.2022 17:15

Цирк

Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар (клоундар)  елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.

Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота