mariana20021
17.09.2021 17:22

Пр 4- тапсырма. Мәтінді оқы.
Қорықтан шыққан үш салт атты Көлқайнардағы
Құнанбай ауылына, Абайдың өз шешесі Ұлжан отырған
ауылға келіп жетті.
-Қалашылар келді! Қалашылар келді!-деді көргендер
шулап.
-Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына
айтайыншы, деді бір үлкен әйел.
-Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... Телғара! -
деді бір жас әйел.
Ұлжан баласы Абайдың келегн хабарын естіп, төрде
отырған енесі, Абайдың әжесі Зерені де сүйемелдеп,
сыртқа ертіп шықты. Зеренің ең жақсы көретін немересі
Абай еді. Оның тілеуін тілеп отыратын,
Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып
кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді.
Бала ҝөп ішінен, ең алдымен өз шешесін көріп, соған
қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерже тұрып:
-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...
Салем бер!-деді.
Абай әкесіне қарай тез бұрылды.
Әкесіне қол беріп амандасты. Әкесі сәлемін алды да:
-Балам, бойың өсіп ержсеіп қалыпсың! Бойыңдай
болып білімің де есті ме?-деді. Ұялғанды, жауап
айтпағанды кешірмейтін әке манезі Абайға белгілі. Ол
сабырмен:
-Шүкір, әке, Қазіреттің рұқсатын, фатихасын алып
қайттым,- деді.
Туыс ағасы Майбасар Абайдың жауабын ұнатып
тұрып:
-Өзі, тіпті үлкен кісі боп қапты!,-дей беріп еді.
Құнанбай оның сөзінің аяғын тоспай,
-Бар, ана шешелерің жақыса бар, амандас, балам!-деді
(М.Әуезовтен)

9 тапсырма. Мәтінде кездескен деректі және
дерексіз зат есім сөздерді тайып кестені
толтыр.
Деректі зат есім
Дерексіз зат есім ребят надо найти в тексте абстрактные существительные и документальное сушествительное​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
elina162006
11.09.2020 02:36
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін
0,0(0 оценок)
Ответ:
Hhjkklknbggfddxxg
15.02.2023 09:09

Ілік, барыс, табыс, жатыс септіктерінде сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Елбасы шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді (ілік септігі).

Менің ата – анамның туған жері – Сарыарқа төріндегі құтты мекен Ұлытау (ілік септігі).

Жаннұр, менімен бірге дүкенге барғың келе ме (барыс септігі)?

Мектепке бара жатып, балабақшаға бірге барған бала күнгі құрбымды кездестіріп қалдым (барыс септігі).

Кітапханадан өткен аптада алған кітапты оқып біттің бе (табыс септігі)?

Қонақтар келмей тұрып үйді жинастырып қою керек (табыс септігі).

Бүгінгі мерекеге орай балабақшада демалыс екен (жатыс септігі).

Менің жазғы демалысым әзірше ауылда өтуде (жатыс септігі).

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота