(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!
Менің досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!