Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, оны зерттегендердің қатарында Абай Құнабаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин болды. Олар Пушкинді тек ақын ретінде емес, оның өмір жолын терең зерттеді.
Ұлы ақын Абай "Евгений Онегин" шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, "Татьянаның хаты" Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. "Капитан қызы" романы да 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. Тарихқа үңілсек, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаев сияқты басқа да қаламгерлер орыс әдебиетінің негізін салушы Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстанның бірнеше қаласында да Ұлы ақынға арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.
Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі "Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес" өлеңінің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап өтеді.
Менің сүйікті жыл мезгілім.
Бір жылда төрт жыл мезгілі болса, әрқайсысының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Менің сүйікті жыл мезгілім - қыс. Оның бірнеше себебі бар: біріншіден, менің туылған күнім қыс мезгілінде, екіншіден, Жаңа жыл тойлап, көптеген сыйлықтар аламын, ал үшіншіден, қыста достарыммен ойнағанды жақсы көремін.
Сонымен, менің сүйікті мезгілім қыс та келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды. Мен үшін биылғы қыстың ерекшелігі - ата - анам туған күніме шаңғы сыйлады. Көптен бері шаңғы тебуді үйренгім келіп армандап жүрген болатынмын, енді міне, осы демалыста әкеммен бірге бірінші рет шаңғыға тұрып үйрендім. Әрине, мен ойлағандай оңай болмады, әсіресе тепе - теңдікті ұстау қиынға соқты, бірнеше рет құлап та алдым. Дегенмен, өте қызықты болды. Енді әкеме ұқсап, шыңғыда нық тұрып, тебуді үйренсем, менен бақытты жан болмас. Келесі жылы ата - анам "Шымбұлаққа барып, шаңғы тебеміз" деп уәде берді. Ал сіз үшін биылғы қыс несімен ерекше?