Спорт киімдері туралы диалог.
Алтынай: Апатай, қолыңыз бос болса, сізге бірер сұрақтарым бар еді...
Ханшайым: Айта бер, жаным. Қандай сұрақтар? Білсем, жауап берейін.
Алтынай: Сіз қанша дегенмен спорт саласында жұмыс істейсіз ғой, үй тапсырмасындағы жаттығуда маған спортшылардың киімдері туралы сұрақтарға жауап беру керек.
Ханшайым: Ондай болса, оңай екен. Сұрай бер.
Алтынай: Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде қандай киім киеді?
Ханшайым: Спортшылар міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді
Алтынай: Киімдер түймелі болады ма?
Ханшайым: Жоқ, көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.
Алтынай: Кеңінен таралған спорттық киім түрі?
Ханшайым: Қысқа (трусы) мен майка.
Алтынай: Комбинезонды кімдер киеді?
Ханшайым: Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар.
Алтынай: Ал коньки тебушілер қалай киінеді?
Ханшайым: Олар синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.
Алтынай: Редингот деген не және оны кімдер киеді?
Ханшайым: Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.
Алтынай: Апатай, барлық сұрақтың жауабын біледі екенсіз! Сізге көп рахмет! Сабақта «бес» алатын болдым!
Ханшайым: Оқасы жоқ, жаным. Көмектесе алғаныма қуаныштымын.
ответ: Ғарыш - өте тылсым бір үлкен әлем. Алайда оның Жерге тигізетін зияндары да жоқ емес. Мысалы, аспаннан метеорлар, астериод, каметалардың құлауы, түрлі сәулелердің әсері бұлардың барлығы да Жер ғаламшары үшін орасан зор апат алып келеді. Олардан бізді Жердің қорғаныш қабаты Озон қабаты қорғайды. Алайда жыл сайын бұл қабат азот, т.б. газдардың, экологияның бұзылуы салдарынан жұқаруда. Бұлқабатты сақтау үшін экологияны жақсарту керек. Ауа, су, Жерді ластамай, тазалық сақтап, зауыт-фабрикалардан шығатын улы газдарды азайтуымыз керек. Жерді бірге қоғайық!!
Объяснение: