
Қызыл қасқыр - (лат. Цұон алпінұс) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Объяснение:
Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2]
Қазақстан жануарлары
Қазақстан табиғаты алуан түрлі болғандықтан, мында мекендейтін жануарлар түрі де қаншама.
Интернет желісіндегі ақпаратқа жүгінсек, Қазақстанда сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлері кездеседі екен.
Дала жануарларынан тышқан, сарышұнақ, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой, киік, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемді келеді және олардың түстері де дала бояуына қарай өзгере дамыған болады.
Орманды дала жануарлары қатарынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Оларды мекендейтін жануарлар: тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі.