1.1. Ата заңды білу жайлы.
1.2.«Халқыма адалмын!» - деп Ата заңға кім қолын қойып, ант берді?
1.3. Әр елдің тумасы қазақ болсын, орыс болсын , жас немесе кәрі болсын Ата заң бәріне бірдей.Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу және сол заңға бағынар болсақ елімізде тек әділеттілік пен тыныштық орнайтыны хақ.
1.4 Ата заңдағы өзімізге керектісін ұғынып, халық болып қадірлесек, өз құқығымызды білсек өмір сүруде оңайға түсер еді. Қазіргі кездеде осы Ата заңның арқасынды бәрі әділ түрде өтеді, қылмыстық әрекет жасаса өз жазасын алады деген сияқты.
Біз құқықтық мемлекет болған соң, әрбір адам өз құқықтарын жетік біліп, жалпы заң білімі саласынанда білгені дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Қарапайымдылық деген не?
Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.
Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!