Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты.Менен қалған мынау Еділ жұрт!... – деп еңірейтіні осы тұс.
Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.
Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады
Қатыстық сын есімдер: сабырлы, ашулы, ақылды, күшті, қалалық, ізетті.
Сапалық сын есім: Момын, ашық, қатты, жақсы, жаман, әдемі.
Объяснение:
Заттың сын-сипатын басқа сөз табыныың (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім - қатыстық сын есім.
Мысалы: Темірдей (тәртіп), сусыз (жер)
Негізі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім - сапалық сын есім.
Мысалы: жасыл (ағаш), ыстық (нан)
Ең бастысы, сөз түбіріне назар аудару қажет