
Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.