burlakovartemyoxcyjx
27.10.2021 04:38

Мәтіндердің формасын анықта. Мәтіндерді оқы А-мәтін Ә-мәтін Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап, жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі. Бұл – осы өңірге аты жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды. Қазақ халқы ешқашан үстіне алабажақ киім кимеген. Камзолға да, тақияға да ою-өрнек, әсіресе, сырмақ-текеметке салатын «қошқар мүйіз» жапсырмаған. Бұл – халық мәдениетінің, эстетикалық талғамының өте биік болғанының айғағы. Рас, қыздардың киіміне кейде ұсақ өрнек, алтын жіптермен зер кесте салынған, сол сияқты хан-сұлтандар салтанатты жиындарда зер шапан киіп шыққан. Соңғы кезде «Көшпенділер», «Біржан сал» сияқты жаңа тарихи фильмдерде қазақтың киімдері ғылыми-этнографиялық негіздер бойынша «түзеліп», біршама тарихи шындыққа жақындай түскені қуантады. Тарихи картиналарды, сериалдарды түсіргенде киім-кешектің сол заманға сәйкестігін қатаң талап ететін әлемдік киноиндустрияның ережелерін ескерген болар. Аталмыш фильмдерде қазақ бұқарасының киген сыртқы киімдерінде ою-өрнек атымен жоқ. Ер адамдардың бас киімдері – нағыз дәстүрлі үлгімен сырылып тігілген кәдімгі тақиялар. Ендеше, әртістеріміз бен әртүрлі салтанатты шараларда ұлттық киімді насихаттайтын бикештеріміздің киімдерін де осы жолмен жөндеуді тезірек қолға алу керек сияқты.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
радмир1402
03.04.2022 06:54

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.

Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
violakim2806
10.07.2022 14:56

Тәуелдік жалғау - әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді .

Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:

Жекеше түрі

І жақ–ым, -ім, -м

ІІ жақ-ың, -ің, -ң

-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і

Көпше түрі

І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.

Тәуелденудің екі түрі бар:

Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.

Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,

Олардың үй-і.

Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота