alenagalcheva
13.01.2020 05:56

Когда пишется в тәуелдік жалғау лар лер дар дер тар тер? ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
egorowasnezhana
07.04.2022 14:58
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат а үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kombat1488
10.01.2020 15:20

XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.


Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).


СЮЖЕТІ

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.


ЖЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ


«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота