saaangelina
08.01.2022 13:36

Мәтінді 2 рет мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі
көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің
барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып
кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен
бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып
беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген
еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды.
Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып
бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа
құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған
ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер
қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын.
Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын
боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап,
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл
сөзді естіп, жылап жіберді.
Өздерінің
қартты
ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады.
Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында
отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні
қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын
болды.
Ақпараттар
+
дұрыс
бұрыс​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lelekasahsa7
02.08.2022 07:06
1 МАМЫР-Қазақстан халқының бірлігі күні.Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар біздің елде тұрса да, өз тілінде сөйлеуге және салт-дәстүрін сақтауға ерікті.Қазақстанда туып өскесін олар менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық  халықтар достастықта және ынтымақтастықта өмір сүруге тиісті.
1-мамыр мерекесін Қазақстандықтар 1996 жылдан бастап тойлайды.Мектептерде,балабақшаларда мерекелік бағдарламалар болады.Балалар әр өкілдің ұлттық киімдерін киіп,ұлттық тағамдар дайындап,ұлттық ойындар көрсетілімі өтеді. . Көп  ұлтты  еліміздің  ынтымақтастығы, татулығы  біздің  жарқын  болашағымыздың негізгі кепілі деп ойлаймын.
Осы мерекемен барлық Қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен құттықтап, береке, бірлік, бақыт тілеймін!
0,0(0 оценок)
Ответ:
аишамамедова
02.08.2022 07:06
Қарағанды – бұл Қазақстанның  ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді.
Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.ХІХ ғасырда қала орнында ештеңе болған жоқ. 1833 жылы Аппақ Байжанов атты шабан бала көмір тапты деген дастан бар. ХІХ ғасырдың аяғында орыс көпестерімен, содан француз және ағылшын кәсіпкерлерімен көмір шығару басталды. Кеніштерде Үлкен Михайловка, Тихоновка, Зеленая балка және Новоузенка поселкелерінің тұрғындары істеді. 
1930 жылы белсенді көмір шығару қайта басталды және келген жұмыскерлер мен олардың жанұялары үшін үйлер салыну басталды. Содан кейін, Майқұдық, Новая Тихоновка және Пришахтинск поселкелері салынды, оларда қайта келген жұмысшылар және мамандардың негізгі массасы тұрды. Бұрынғы поселкелерде де тұрғын көбейді. Қорытындысында, 1934 жылы Қарағанды поселкесіне қала мәртебесі берілді, ал Қарағанды көмір бассейні Бүкілкеңестік құрылыс болып атанды.Тарихқа жүгінсек, Қарағанды «Карагандаги және басқа институттардың негізгі пландары мен жобасына сәйкес жоспарлы және ретті салынды. Жобаларды дайындауда жақсы дайындығы бар сәулетшілер және конструкторлар жұмыс жасады. Мәскеулік сәулетшілермен қаланың бірінші жоспары жасалды. Жаңа қала 300 мың тұрынға болжанды. 1960-жылдардың аяғын
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота