Азия бір кездері айырылып қала жаздаған мәдени, тарихи қатынастарын қалпына келтіруде. 20 ғасырда 2 жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді. Орталық Азия темір құрсауға алынды. Халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды. Алайда, біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық. Жасанды кедергілер жойылған соң біз біртұтас әлем екенімізді қайта сезіндік», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы отбасылық және қоғамдық дәстүрлер, еңбекқорлық пен білімге ұмтылу Азия халықтарына тән асыл қасиеттер екендігін баса айтты. «Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен әралуандық үйлесімі деп түсіну қажет. Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқаны осыны меңзейді. Азия біріге алады. Қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолы осының дәлелі»,- деді Қ.Тоқаев.
Бірінші сызбада бастауыш пен баяндауыш берілген. Мысалы, (кім?)Арман (не істеді?)жүгірді.
Екінші сызбада бастауыш, анықтауыш, баяндауыш берілген. Мысалы, (кім)Арман (қалай)жылдам (не істеді)жүгірді.
Үшінші сызбада бастауыш, екі бір-бірімен байланысқан анықтауыш, баяндауыш берілген. Мысалы, (кім)Арман (қандай)қатты (қалай)жылдам (не істеді)жүгірді.
Шыны керек, үшінші сөйлемдегі қатты жылдам деген дұрыс үйлесетініне сенімді емеспін. Мүмкіндік болса, анықтауыш талаптарына сай келетін, байланысатын сөз тіркесін келтірген жөн