Табиғатқа саяхат.
Көптен күткен жылдың ең әсем жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Биылғы жылы қыс қатты болған соң, күн кеш жылынды. Табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түсті. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса айналаға жар салуда. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер де шыға бастады. Айнала әсем күйге еніп, табиғат жандана түсті. Осындай көктемнің шырайлы күндерінің бірінде демалыста отбасымызбен табиғат аясына серуендеуге шықтық. Қала сыртындағы орманда таза ауамен тыныстап, құстардың сыңғырлаған әсем әндерін тыңдап, біраз серуендеп үйге қайттық.
Астана -бас қала.
Казак Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор /1920-1925/, одан кейін Қызылорда /1925 -1929/, Алматы /1929 - 1997/ калалары болды.
7 жоілы-Қазакстан Республикасының астанасы Ақмола қаласына кошірілді. 1998 жылы.Ақмола қаласы Астана қаласы болыи аталдьг.Астана қаласы корікті қала. Қалада Президент сарайы, Парламент ғймараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, Еуразия университеті, коп қабатты әдемі ғимарапгар. Парламент үйінің алдында Толе би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. «Бэйтерек» гимараты Астана түрғындарын, шетелден келген қонақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы элі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сүлу, эйгілі қала болмақ.Астана -Қазақстан Республикасының саяси, экімшілік, экономикалық, мәдени орталығы, бас қала.