SamMary
27.02.2020 19:49

Оқылым. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдердің дұрыс (+)/дұрыс емес (-) екенін белгіле. [3]

Мен және менің достарым
Сәлем, достар! Менің атым – Ержан, фамилиям – Досанов. Мен Алматыда туғанмын, бірақ қазір Астанада тұрамын. Себебі менің ата-анам Астанада жұмыс істейді. Маған Астана қаласы ұнайды. Мен өте жақсы мектепте оқимын. Мектепте менің достарым көп. Олар ақылды, білімді және көңілді балалар. Біз бірге сабақ оқимыз, демаламыз. Біздің демалыс күніміз өте қызықты өтеді.
Қазір біз кітапханада отырмыз. Бүгін біз 1-сынып оқушыларына көмектесеміз. Менің қасымда екі оқушы отыр. Мен оларға ертегі оқып отырмын, олар мені тыңдап отыр. Бірінші бала өте жақсы түсінеді, маған сұрақтар қояды. Екінші бала да жақсы тыңдайды, жақсы түсінеді, бірақ көп сөйлемейді. Екі бала бір-біріне ұқсамайды. Балаларға ертегі ұнады. Қазір біз осы ертегі бойынша шығарма жазамыз.

р/н сөйлемдер дұрыс дұрыс емес
1. Ержан Астанада дүниеге келген.
2. Ержанның ата-анасы Астанада жұмыс істейді.
3. Ержанның достары – ақылды, көңілді балалар.
4. Қазір балалар асханада отыр.
5. Ержан ертегі тыңдап отыр.
6. Бірінші бала көп сөйлемейді.
7. Екі бала ертегі бойынша мульфильм көреді.

Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талда. [3]
Сөз табы Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына қарай қосымша
Ержан

ЖАЗЫЛЫМ
1) Сұраққа жауап бер. Жаз. [3]
Қожа қандай бала? (Неге?) [1]

Жанар қандай қыз? (Неге?) [1]

Менің ойымша, ... [1]

Мәтінді қайталап оқы. Тест сұрақтарына жауап бер. [3]
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер – үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық – қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық – бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» деп кіргізеді.

1. Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?
А) жақсылыққа үйреткен
Ә) жамандыққа үйреткен
Б) әдепсіздікке үйреткен
В) жалқаулыққа үйреткен
2. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
А) үлкен ұғым
Ә) жақсы ұғым
б) жаман ұғым
В) қасиетті ұғым
3. Табалдырық – ненің шегарасы?
А) үйдің сырты мен ішінің шегарасы
Ә) жамандық пен жақсылықтың шегарасы
Б) алды мен артының шегарасы
В) ақ пен қараның шегарасы
4. Бақыттың белгісі не?
А) уық
Ә) кереге
Б) табалдырық
В) есік
5. Табалдырыққа байланысты тыйым сөзді табыңдар
А) «Үлкендерге сөз қайтарма»
Ә) «Қоғамдық орындарда қатты сөйлеме»
Б) «Табалдырықты баспа!»
В) «Нанды баспа!» ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
aresu
30.03.2022 16:03

ответ:Гүл-көбею мүшесі.Гүлден жеміс пен тұқым дамиды.Гүлдің құрылысы күрделі.Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды.Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі. Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді. Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
bon332
30.03.2022 16:03

Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі.

Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.

Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.

Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді.

Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота