
Базар жырау."Атасы жақсы қандай-ды"
Жырдың басы елдің шежіресі қариялармен,ақылшы аға-жеңгелермен,құрбы-құрдастармен амандасудан басталады.Одан әрі отбасындағы адамдардың жақсы болса қандай болатыны айтылады.Мысалы:
Атасы жақсы қандай-ды
Перзент қамын ойлайды.
Перзентім аман болсын-деп өзге жанұя мүшелеріне тоқталған.Анасы жақсы болса,қалқам деп алдыңнан шығар,ағаң жақсы болса,асқар тауың, құлағанда қолдайды-деп отбасының бүкіл мүшелерін айтып,олардың жақсылықтарын дәріптейді. Қазақ өзі жанұясы,туыстары көбіменде танымал халық.Ағайынның ауызбіршілігі,сыйластығы арылмаса-деген тұжырым,ой бар.Отбасындағы ата-анасының,аға-жеңгесінің жақсылығын,қамқорлығын сезініп өскен адамда өз іні-қарындасына қамқор болады.Өлеңде қазақы отбасының,туыстар арасындағы бірлік,сыйластық қарым-қатынасты айту арқылы халықты татулыққа,жанұяның тұтастығына,туысқандардың ауызбірлігіне шақырады.Жастарды ата-анасын,үлкендерді құрметтеуге,бауырмалдыққа тәрбиелейді.Өлеңді тыңдау арқылы отбасының бірлігін нығайтып,бауырларын жақсы көре түседі.Жанар Айжанованың домбыраға қоса айтуымен тыңдадым,өлеңнің айтылуы ұнады.Маңызы,мәні бар жүрекке жылылық сыйлайтын дүние.
Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырла , бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.Рас, кейде сіздің маған уақытыңыз жетпейтін кездер де болады. Мен оған ренжімеймін. О,жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та , мейір бан не бар сенің жүзіңде?! Осы құшақ тұрғанда мен басқа ештенеңі де арман етпеймін.Ешбір бақыт-байлыққа , салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін.Алтын анам ,аяулым,тек сен аман болсаң,болды маған.Үлкейіп адам болған кезде мен сенің жақсылықтарыңды қалайда ақтауға тырысамын .Ана ! Балапан жүрек балаңыздың көңіл тебіренісін өзіңізге деген алғысы деп біліңіз.
Объяснение: