kknopcka
07.04.2022 12:42

1.Ғалым не үшін қынжылады? Ол қандай ұсыныс білдірді? Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?
Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
умар53
08.08.2021 19:11

Объяснение:

Қазақ халқы сан ғасырлыр бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату тіршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы – тәуелсіздікке халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткіздік.

Кең даладан, бос даладан не пайда,

Кең далада бостандығың болмаса, - деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы – азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді. Сол сенімді бойында патриоттық сезімі алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл-қыздары асқан ерлікпен ақтап, қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Осындай өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқының басына күн шуағын шашқандай бейбіт, жарқын туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан .

0,0(0 оценок)
Ответ:
JaanB
28.04.2022 01:50

р

Объяснение:

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады.

Шығыс ғұламалары Омар Хайям: «Адамдардың пайдалысы - адамдарға пайда келтіргендер» десе, Рудаки бұл ойды одан әрі нақтылай түседі: «Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».

Демек, әлемдегі қайғы-қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік құндылықтардың және арман-мұратының болмауынан екен.

Сондықтан да ізгіліктің ең үлкені - адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады екен. Біреулер қоғамда көп ғылымның, біреулер үлкен байлықтың иесі болар.

Бірақта адамда адамгершілік қасиеттер болмаса, бұл жеткен жетістіктері жалаң, жадағай болып шығады. Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсетуде.

Рухани-адамгершілік тәрбие  дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота