RoyaIHeII
29.07.2020 01:51

Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады. Септік жалғаулармен көптік жалғауларды табу керек
Кіріспе негізгі қорытынды сойлемдерді табу керек

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
cfvceyu2004
22.06.2021 19:24
- Шахмат ойнап отырсың ба?- Арман Серікті көріп қатты таңғалды. -Сен шахмат ойнау білесің бе? - Ия, маған әкем үйркеткен. Бұл өте қызықты ойын. Миды сергітіп, демалтады. - Ой, қойшы! Іш пыстырады ғой.. - Шахмат ойыны адамның ақыл-ойын дамытады, есептеуге үйретеді. Оның пайдасы зор. - Ал сосын?- Арман сұрап, ойланып қалды.. - Болашақта шетелдегі қалаларға барып, шахмат жарысына қатыспақ ойым бар. Әкем менің әрбір қадамыма, жетістігіме қуанып отырады. - Солай де. Маған да үйретесің бе? - Жарайды, үйретейін.- Серік жымыйып күлді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
isaevshamil0535
28.04.2020 07:41
Сөз таптары (Часть речи)Бастапқы формасы (Начальная форма)
Тұрақты белгілер (Постоянные признаки, если есть)
Тұрақсыз белгілер (Непостоянные признаки, если есть)Синтаксистік рөлі (Синтаксическая роль)Мысалы (Например):
Ертең оқушы3 мектепке барады3.
Завтра ученик3 пойдет3 в школу.

Оқушы3 – зат есім. Кім барады? Оқушы.Бастапқы формасы: оқушы.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, жалпы, жанды, деректі;
Тұрақсыз белгілер: жекеше, атау септік.Кім барады? Оқушы (бастауыш).Барады3 – етістік. Оқушы (не істейді?) барады.Бастапқы формасы: бар.
Тұрақты белгілер: дара, туынды, болымды, салт;
Тұрақсыз белгілер: ауыспалы келер шақ.Оқушы (не істейді?) барады (баяндауыш).
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота