Мен үшін ең қымбат байлық су
Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "Судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін білген дана халқымыз. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? Ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. Ал барша мұсылманға қасиетті Рамазан айында ораза ұстағанда, Алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. Күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан балдай, одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін!
Жүйрік ат
Атам менің туған күніме кішкене құлын сыйлады. Мен өте қатты қуандым, себебі бұл - өте құнды сыйлық. Сонымен қатар, өте үлкен жауапкершілік.
Мен оған ырымдап, Қобыланды батырдың Тайбурылындай жүйрік болсын деп, Тайбурыл деген ат бердім. Менің құлынымның түсі - қоңыр, құлағы - үлкен, жалы - қара, ал құйрығы болса, ұзын. Сонымен қатар, жүйрік жылқының сипатындағыдай, бет әлпеті шығыңқы, маңдайы жазық, дүрдек ерінді.
Мен қалада тұратындықтан, оған көбіне ауылда атам мен көкем қарайласады. Демалыста ауылға баруға асығып тұрамын.
Болашақта менің құлыным нағыз жүйрік болады деп сенемін.