
Жасаудың ішінде:9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
төсек-орын
сандық
3 көрпе тыстары
2 жастық
2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
9 қол орамал
ыдыс-аяқ
2 шелек
2 ет табақ
қасықтар, пышақ, шөміш, кепсер
терезе пердесі
төсек жабқыш
басқа тағатын орамал,
көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады
Объяснение:
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.