Евабе
31.12.2022 07:40

Найдите ключевые слова Бердібек Соқпақбаев «АНА ЖҮРЕГІ» (әңгіме)
Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен. Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!». Кенет бұлттай қаптаған шаң мен түтін қойыртпағының арасынан Балқияның дәл алдынан Мәмбет шыға келді. Өз Мәмбеті, аңсаған алтын ұлы. Мылтық ұстаған қолын көкке сермеп, «апа!» деп, ол Балқияға қарай кұшақ жайып ұмтылды. Сөйткенше болмады, алып қоңыз тәрізденген қара сұр ірі танк Мәмбеттің арт жағынан сумаң етіп, ол да шыға келді. Жылан бауыры қаршылдап, өте шықты жосылтып. Мәмбет оған бір тал бұта құрлы да болған жоқ, танктің зіл кеудесіне көміліп қала берді...«Мәмбет!» «Мәмбет!» Балқия өз даусынан өзі шошып оянды. Түсіндегі сұмдықты басынан енінде кешіргендей алқынып, жүрегі аузына тығылып, терлеп кеткен екен. Біраз уақытқа дейін әзіне өзі келе алмай, мәңгірумен жатты. Сол кезде оның құлағына қабырға сағаттың сырт-сырт соққан үні естілді. Балқия өз үйінде жатқанын, әлгіндегі түсі екенін санасына енді жүгірте бастады. «Япыр-ай, неткен жаман түс еді!». Балқияның тула бойы түршігіп, іші-бауыры тітіреп кетті. Жаңағы алып қоныз тәрізді қара сұр танк, Мәмбеттің құлап бара жатқандағы кейпі көз алдында әлі де сол қалпында...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
валериякотик19
13.05.2021 04:48

Тілдер күнін Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері мен ұлыстар әр жыл сайын тұрақты түрде тойлап келеді. Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы аянбай еңбек етіп жүр.

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан - ортақ үйіміз» тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазудан байқау өтті. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы тіліміздің дәрежесін көтеруге бағытталған іс-шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Байқауға қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері: Тараз қаласындағы Политехникалық, Болашақ, Медициналық, «Аспара», «Парасат» колледждерінің білімгерлері  және  мектеп  оқушыларын қосқанда, барлығы 32 жас қатысты. Сайыс шарты бойынша, жасөспірімдер қосымша құралдардың көмегінсіз 1 сағат ішінде тақырыпты ашып, қағаз бетіне ойын анық жеткізуі тиіс еді.

Ал олардың шығармаларына қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің тәжірибелі  мұғалімдері әділ-қазылық етті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alilan1
14.05.2023 15:00

ответ:1) Оралхан Бөкей – Ұлы Отан соғысы жылдары дүииеге келген ұрпақтың өкілі. қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

2)Қай жерде дүниеге келді?

Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы жерге дүниеге келді.

3)Ол қандай әңгіме жазды?

О. Бөкейдің таңдамалы, танымал шығармалары. Бөкеев О. Қамшыгер. Әңгімелер. «Жазушы» ба Алматы – 1970 136 бет. «Қамшыгер» жас жазушы Оралхан Бөкеевтің тұңғыш кітабы. ... Жұртшылыққа белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» жинағына үш повесі және бір топ әңгімелері енген. Бұл шығармалардың бәрінде де жазушы қазіргі замандастарымыздың тыныс – тіршілігін, арман – мақсатын көрікті ой, шебер тілмен жырлайды. Бөкеев О. Үркер ауып барады: Повестер мен әңгімелер.

Объяснение: кешириндер, 4 - ти билмимин(

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота