565765g
27.05.2022 12:30

Синквейн к слову құрғызады

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alial1
04.05.2023 14:21

Өмірдің мәні мейірімділік, адамгершілікте деп білемін. Бала күнімнен әжем мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Мейірімділік - адам бойындағы ізгі қасиет. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту мен үшін адамдықтың белгісі іспетті. Себебі мейірім, рахым болмаса, а біріне-бірі жау болар еді.

Әжем қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alyyya
13.01.2020 03:31

Объяснение:

 

Туған жер, осы сөзді естігенде құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиіп, бойыңды бір тәтті сезім билейді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, қай жерде жүрмесін әр адамның туған жерге деген сағынышы бір бөлек.

Міне, 2 айлық қысқы демалысымыз аяқталып, ақпан айының 23-ші жұлдызында Қытай елінің Бейжің қаласына ұшып келдім. «Пәлен жерде пайда бар, өз еліңдей қайда бар» деген екен дана халқымыз. Қазіргі таңда экономикасы қарыштап, миллиардтаған халықты белгілі бір тәртіпке жұдырықтай жұмылдырып, оларды қамтамасыз ете алып отырған осы бір алпауыт елден керегімізді алып,iлiм-бiлiм жинап оны өз халқымыздың пайдасын арттыруға жұмсамақ ниетте жүрмін. Дегенмен шет мемелекттің аты шет мемлекет сондықтан да өз туған жеріңді сағынарың сөзсіз.

Қасиетті қазақ даласының қадірін сыртта жүріп сезінбеу әсте мүмкін емес. Оның ішінде кіндіқ қаным тамған, Қазақ елінің кіндігінен орын тепкен, қасиетіне дүйім жұрт қайран болған Ұлытаудың топырағын басып жүргенге не жетсін. Қазақ халқының ортақ тірлігі мен бірлігіне ту тіккен киелі Ұлытаудың жанға шипа саф ауасы мен тау суынан канып ішкен бір сәттің өзі құдды бір жаныңа жәннәт сыйлағандай әсерде қалдырады. Табиғаттың жазылмаған заңдарымен жеткен құбылыстың бірі-Туған жер бізге өз қасиетін берер болса, біз де яғни жас ұрпақ туған жерге деген шексіз махаббатымызды патриоттығымыз арқылы білдіре алуымыз шарт. Әдетте, туған жердің қадірін сыртта жүрген біледі. Жерлесіміз, Ұлытаудың тумасы Камал Смайылов ауылына деген сағынышын сыртта жүріп, «Ұлытауым, сенің қасыңда Гималай маған аласа, Ұлытау сен ғажапсың, Кавказдан да тамаша» деп білдірген екен. Жалғыз Камал Смайлов қана емес, Ұлытау талай жүйріктерді бәйгеге қосып, қаншама текті ұрпақты тәрбиелеген дала.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота