
-Сәлем! Қалайсың?
-Сәлем Шүкір жақсы өзің қалайсың?
-Жақсы,сұрағаныңа рахмет! Екеуміз бүгін жыл мезгілдері туралы айтайық
-Жақсы айтсақ айтайық
-Сен қай мезгілді жақсы көресің және неге?
-Мен жаз бен көктемді жақсы көрем. Себебі көктемде жер қайта тіріліп қызық болсын,жазда демалысқа шығып демаламыз , ауылға барып келеміз және т.б қызықтар жасаймыз.Абай атамыздың осы мезгілдерде арнаған өлеңдеріде керемет!
-Талғамың күшті екен.Мен де осы мезгілдерді ұнатамын.Әрине Абай атамыздың өлеңдері керемет.
- Ал сен қай мезгілді жақсы көресің?
-Мен қыс пен күзді ұнатамын. Себебі қыста аққала жасап,шаңғы теуіп ойнаймыз. Күзде бүкіл өнімді жинаймыз мектепке барамыз.
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет.