soldiertoy01
21.04.2020 01:35

Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. І мәтін

Қыран бізді көтеріп биіктеді,

Бұлт ішінде ойнаған киік пе еді.

Бөлендім кең даламда бір рахатқа,

Салқын лепті самалың сүйіп тегі.

Алдымнан қыр көтеріп шықты гүлін,

Шалқиды көңіл ғажап тіпті бүгін.

Үстінен ақ бұлттарды лақтырады,

Көрсетіп күз - алыптар мықтылығын.

Артымызда қап жатыр шаңдақ белең,

Қиял алыс, ақ күспен самғап келем.

Күбір-күбір ішімнен сыр толғаймын.

Шабыт келсе қонысты тандап па өлең.

Балқаш жатыр сырласып даласымен,

Құшағыма сан қысып алатын ем,

Қиқулаған шағала сабап өтті

Жал-жал әппақ толқынның қанатымен.

Көзінен қыраттардың сағым ұшты,

Шертеді бір ғажайып сағынышты.

Сезді ме әдейі аңсап келгенімді,

Кеудемді кең даланың әні құшты.

ІІ мәтін

Ағам- болашақ қаржыгер. Ол «Болшақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқиды. Ол жазғы демалыста үйге келді. Бүгін қайтадан оқуына кетеді. Ағам отыратын ұшақ бүгін кешкі алтыда ұшады. Біз отбасымызбен ағамды шығарып салу үшін әуежайға келдік. Әуежайда әрлі-берлі жүрген адам көп екен. Біреулер келіп, біреулер кетіп жатыр.

Әуежайдың екінші қабатына көтерілдік. Ағам жүк тексеретін орынға сөмкелерін тапсырды.

«Сапарың сәтті болсын, құлыным!» - деді анам. Біз ағаммен қимай қоштастық.

1-мәтін

Стилі

Жанры

Ұқсастығы

Айырмашылғы

2-мәтін

Стилі

Жанры

Ұқсастығы

Айырмашылғы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
laconee97
23.02.2023 18:50
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.

Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.

Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!
0,0(0 оценок)
Ответ:
ksusha020504
22.10.2021 02:09
Қазақстанда ормандар өте сирек кездеседі, себебі бұл жерде негізінен дала мен жазықтық. Сондықтан Қазақстанда орманды өте бағалайды. Қазақстанда үлкен ормандар екеу ғана: Тянь-Шань және Алтай ормандары.

Тянь-Шаньда қылқан жапырақты орман, ол жақта атақты тянь-шань шыршасы өседі.

Алтай орманында биіктігіне байланысты ағаштың бірнеше түрі өседі.

Мысалы: таудың жоғарғы және орта бөліктерінде қылқан жапырақтылар тұқымдастары өседі, ал қайыңдар төмендеу өседі.
Адамдар үшін ормандардың маңызы зор, бұл жердің өкпесі!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота