jusupova2001
10.05.2021 10:17

Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайдылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар! Сұрақтарға "3 сөйлем" әдісімен жауап бер.
Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған?
Аудиториясы кімдер?
Мәтінді мұқият оқы. Күрделі жоспарын құр.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JetMinegrifer
09.08.2020 16:57

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AlexxP
26.01.2021 07:45
Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің. Для друга сердечного от сердца отрывают.
Сыйласу екі кісіге бірдей. Дружба крепка взаимностью.
Татулық — табылмас бақыт. Дружба — богатство бесценное.
Достық жоқ жерде табыс жоқ. Где нет дружбы, там нет успеха.
Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын. Доброе соседство прочнее родственных уз.
Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан. Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды. Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нет
Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан. Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.
Көршің қолайлы болса, қораң кең. Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно.
Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота