Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім Есім хан, Ханымды - күнім, сізді - айымдай. Сырым саған түзуді, Садаққа салған бұлындай. Жұмыскерің мен едім, Сатып алған құлындай. Жүруші едім аранда, Өзіңнің інің мен ұлыңдай. Есімде мені сүймеуің, істетпекке қойған тілің деп. Мен өлсем құнсыз кетер деме сен, Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген, Тілеуберді құлыңдай! Тілеуберді құлың мен емес, Менің ер екенімді көргенсің, Әуелден бірге жүргенсің, Дегенiмдi кылғансың, Қайратымды білгенсің, Аптықпа ханым, күңнен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ. 1- тапсырма. Аллитерация мен ассонанстарды теріп жаз. 2- Тапсырма Толғаудың негізгі идеясы?
Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр (моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»), Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл - өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді.
Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз, Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас, Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен, Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку