
1. Қазақ xалқы бүркітті қалай қастерлеген?
Қазақ халқының ежелден қастерлеп киелі деп санаған құсының бірегейі – бүркіт. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты.
Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыстан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт», «Аспан перісі», «Қа-нат¬тылар тәңірі», «Дала сермендесі», «Қандыкөз», «Болат тұмсық» және т.б. деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған.
Бүркіт халқымыздың ұғымында батылдық пен батырлықты, азаттық пен айбындылықты, еркіндік пен бостандықты, өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қайраттылықты сүйетін құс ретінде сипатталады. Соған байланысты «Бүркіт жеті қазынаның бірі» немесе «Ер жігіттің жеті асылының бірі» деген ұлттық ұғымдар қалыптасқан.
2. Қазақ тілінде бүркітке қатысты қанша сөз бар?
Көрнекті ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның деректері бойынша ана тілімізде бүркітке қатысты 1,5 мыңға жуық жеке атау сөздер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал-мәтел¬дер, халықтық даналық нақылдар бар.
Бүркіттің жас ерекшеліктеріне байланысты жеке атау сөздердің ана тілімізде көптеп сақталуы да бүркіттің өзіне ғана тән ерекшеліктерін нақты аңғарта алады. Мысалы, Бүркіт жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан балапандарының үлпілдек ақ түсті қауырсындарына сәйкес оны «ақүлпек» деп атаған. Кәнігі құсбегілер бүркіт жасын көбіне қанаттары мен құйрық қауырсындарының түсінің жыл сайын түлеп өзгеруіне қарап ажы¬ратқан. Мысалы, 1 жаста – балапан, 2 жаста – қантүбіт, 3 жаста – тірнек, 4 жаста – жастүлек (тастүлек), 5 жаста – мұзбалақ, 6 жаста – көктүбіт, 7 жаста – қана (құмтүлек), 8 жаста – жана (қутүлек), 9 жаста – майтүбіт (қоңыртүлек), 10 жас-та – баршын (кәрітүлек), 11 жаста – барқын (ақтүлек), 12 жаста – шөгел (ақырғы түлек немесе кәрі бүркіт), 15 жаста – сұмтүлек, 20 жастан асқан соң «мола» (молаға ықтағыш деген ұғым) деп атаған.
3. Қыран бүркіт бейнеленген қандай затты білесіңдер?
Қазіргі тәуелсіз еліміздің көк туында қыран бүркіт бейнеленген.
4. Бүркітке қатысты есімдерді атай аласыңдар ма?
Қыран бүркітке деген халық сүйіспеншілігі көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болған. Ол сал-серілердің жан серігі, аңшылардың айбынды қол қанаты деп есептелінген. Бүркітке деген халқымыздың құрметі мен аса зор сүйіспеншілігін ұлдарының есімдерін «Бүркіт» сөзімен байланысты қоюынан да байқауға болады. Мысалы, Бүркіт, Бүркітжан, Бүркітбек, Бүркітбай және т.б. Мұның бәрі де перзенттерінің бүркіттей алғыр, бүркіттей қырағы, бүркіттей батыл болуын тілегендігін аңғартады.
Объяснение:
Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін.
Барыстың дене тұркы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг-ға дейін тартады. Бір қызығы - осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ.
Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Тек күшіктеген уақытта ғана тау үңгірлерін уақытша мекендейтін көрінеді. Барыс 3-4 жасынан бастап көбейе бастайды. Күшіктерінің саны 1-ден 5-ке дейін жетеді.
Барыстың саны күрт азайып кетуі себепті корғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген