Zaminaej
02.09.2021 16:31

Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді . Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен . 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой . Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып , олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. Мәтіндер Стилі Тақырыбы Мазмұны

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ррр322
31.01.2022 08:07
                      Менің ауылым.
Менің ауылым үлкен.Ауылымның үйлері әдемі ,көшелері кең, таза. Ауылда жаңа мектеп ,балабақша ,аурухана бар.Ауылымның табиғаты сұлу,ауасы таза,суы тұнық.Жазда айнала жасыл ағаштар,шөптер ,әдемі хош иісті гүлдер жайқалуда.Аулымның жері кең.  Менің ауылымда түрлі өсімдіктер ,дәрілік қасиеті бар шөптер баршылық.Ауылдағы адамдар мал шаруашылығымен айналысады,Ауылда төрт түлік мал үстағандықтан  сүт ,май, қаймақ ,ірімшік айран ,құрт қымыз мол. Ауылдың адамдары бір -бірімен тату-тәтті тұрады. Қиын жағдайда бір -біріне көмектеседі.Міне менің ауылым осындай. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
52681
31.03.2023 08:05
Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.Баяндауыш деп сөйлемде іс-қимылды білдіретін және де не істеде? не етеді? деген сұрақтарға жауап береді. Көбінесе сойлем соңынта тұрады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота