ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі һәм «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында Аяз бидің және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша, Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы болып шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте Аяз би Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны XI - XII ғасырға жатқызады. Бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме болма бұрыс,
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек
Объяснение:
арен жаздым коп берш лайк басындарш багаландарш
ШоқанУәлиханов (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанайоблысы, - сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматыоблысы) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) - Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. "Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді", - деп жазды П. П. Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша "жеті жұрттың тілін білуге" тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А. Завалишиннің сөзімен айтқанда, "ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері" болатын.