svetacok
18.09.2020 16:01

1-тапсырма. Мәтіннің кіріспе, негізгі , қорытынды бөлімдері бойынша 1 сұрақтан құрастыр.
Шарын шатқалы Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын өзенінің бойында орналасқан.
Шарын шатқалының тарихы бұдан 300 млн жыл бұрынғы геологиялық замандардан сыр шертеді. Мұнда
көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартастар «қамалдарды» көз алдыңызға
елестетеді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен
шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Жер бедерінің мұндай көрініске ұшырауы бұдан 12 млн жыл
бұрынғы жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан
пайда болғандығы байқалады.
Шарын шатқалындағы саналуан бедерлі көріністерді жергілікті тұрғындар ерте кездерде «Шайтан қала»,
кейіннен «Қызғылт қамалдар аңғары» деп атаған. Ондағы әр түрлі мүсін пішінді жеке жартастар «Сфинкс»,
«Мыстан кемпір», «Айдаһар», «Тас қапшық», т.б. аталады.
Шарын шатқалындағы өзен аңғарында геологиялық замандардан сақталған ерен ағашы шағын тоғай
болып өседі. Бұл ерен тоғайы Орта Азия мен Қазақстан аумағында ғана сақталған өте құнды бірден-бір
табиғат ескерткіші,
Шарын ұлттық табиғи саябағының аумағы жануарлар дүниесіне де бай алқап саналады.
Ұлттық табиғи саябағының аумағында балықтың - 10 түрі, қосмекенділердің - 4 түрі, жорғалаушылардың -
18 түрі, құстардың - 111 түрі және сүтқоректілердің - 32 түрі кездеседі.
Шарын шатқалы республикамызға, жақын, шалғай шетелдерге жақсы таныс. Мұны оған жыл сайын
келетін мыңдаған саяхатшының географиясынан да айқын аңғаруға балады.
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
Қорытынды бөлім:
- оф) apУС
16:04
14.10 2020 отиниш​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
den53499
14.02.2020 00:02

 спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы, FIVB (ағыл.).

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы FIVB кеңесінде бекітілген).

0,0(0 оценок)
Ответ:
marmeladka0907
18.01.2020 13:02

              Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол  батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота