bobina2
21.11.2022 03:13

1-тапсырма. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, қалған бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз.

«Барсакелмес қорығы туралы аңыз»

Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқасын Ләтпай деген кісі руластарымен құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға жетіп алмаққа қам жасалды. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді Арал тұсындағы ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғанда, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: ...

2-тапсырма.

Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауапты жазыңыз.

 Ләтбайдың елі неліктен өсиетті орындамады?

 Неге аралды ордалы жылан басып қалды ?

«Барсакелмес қорығы туралы аңыз» мәтінін оқып, мазмұны бойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.

Сұрақтар

1.

2.

3.

4.

3-тапсырма.

Мәтіндегі орфографиялық пунктуациялық қателерді тауып, түзету жасаңыз. Мәтіннің ой жүйесі бойынша құрылымына түзету жүргізіп, қайта көшіріп жазыңыз.

«Барсакелмес қорығы туралы аңыз»

Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаукершіліке тийым болмай бара жатқасын Ләппай деген кісі руласдарымен құлақ естіп көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Теңізтің қақ ортасындағы суы тұщщы шалғыны шүйкін балығы мол алуан түрлі аң-ғұсы бар сексеуілі қалың ғажайып аралға жетіп алмаққа қам жасалды. Бұлар мұз қатқанда күзер жасаб соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор

Білім алушы​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Loseva72
13.01.2022 20:44

Өнер және білім негіздері

Бізге дейін жеткен ежелгі үнділіктер өнерінің тамаша туындылары діни сарайлар-храмдар болып отыр.Олардың екі түрі болған. Біріншісі-ашық жердегі тастан, кірпіштен ттұрғызылған храмдар. Екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар. олардың екеі де түрлі түсті бояулармен сәнделген, әсем де құдіретті етіп салынған. Үнділік шеберлер тастан, күйдірілген қыштан әр түрлі мүсіндер жасады. Ауа райындағы жиі болатын өзгерістер, шаруашылық қажеттері жұлдызнамашылық пен есептеу бағытындағы білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша, бір жыл 360 күнге, ол 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді. Б.з V-VI ғасырларында үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді кенін біледі.Және де қазір біздер жазып жүрген сандарды арабтаросы үнділіктерден үйренген екен. Ежелгі үнділік кітаптарда әртүрлі аурулардың аты кездеседі. Мәселен, сары ауру, буын ауруы, бас ауруы, алапес және т.б. Үнділіктердегі емдеу бақсылықпен қатар жүрген

0,0(0 оценок)
Ответ:
93angela93
12.02.2021 08:41

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Атам мен әжемнің тоғыз балалары бар. 31 немерелері, 5 шөбересі бар. Мен атамның бірінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден алтаумыз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – әкем, қамқоршымыз – анам.

«Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ» -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Әкем 20 жылдан бері мектепте мұғалім болып, анам ауруханада дәрігер болып елге адал қызмет еткен жандар. Мемлекеттік қызмет атқара жүріп, балаларына жақсы тәрбие бере білді. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз.

Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата – ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.

Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер, «келеріңнің қарғысын алмағдар» деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер азаматты сыйлауды үйреткен.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота