Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз. Сол сәт біздің бақытты шағымыз екенiн де біле бермейміз. Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз». Иә, өзімізді бақытты кылатын өзіміз. Бақытты болыңыз!
Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды