
Айдын, мен дос табу қиын екенін енді түсіндім
Еркін, ойыңды түсінбедім, себебін түсіндірші?
Себебі, өзіңді кездестіргеніме қуаныштымын, өзіңдей досты көп іздедім, сен қасымда болсаң мен өзімді өте бақытты сезінемін.
Ал, мен ойлаймын досты табудан, достықты сақтап қалу қиын деп
Ой, досың табылған болса, оны сақтап қалу неге қиын?
Мен саған түсіндірейін, мен бұрынғы тұрған жерімізде жақын досым болды, ия, оны мен жақын досым,- деп санап жүрдім
Сонымен не болды, олай болмай шықты ма?
Ия, ол екі жүзді, достықты бағаламайтын адам болып шықты.
Сен қапаланатындай ол не істеді?
Ол мені бірнеше жерде алдап кетті.
Сонымен достықтарың үзілді ме?
Ия, енді сен маған олай істей көрмеші, досым. Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын.
Объяснение:
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.
(возможно неправильно )