Ата - бабаларымыз армандаған еліміздің тәуелсіздігі ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеткенін ешқашан да ұмытпауымыз керек.
Еліміздің тәуелсіздік күні 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған. Биыл тәуелсіздігімізге 29 жыл толады. Осы жылдардың ішінде елімізде талай елеулі оқиғалар орын алды, мысалы: Жаңа астанамыз бой көтерді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Елімізде қысқы Азиада ойындары өткізілді. Елордамызда EXPO 2017 халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Назарбаев зияткерлік мектептері мен халықаралық деңгейдегі Назарбаев университеті ашылды.
Тәуелсіздік жолында қаншама ата - бабаларымыз, аға - апаларымыз жанын пида етіп, еркіндіктің оңайлықпен келмегенін үнемі есімізде сақтауымыз қажет. Енді осы тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, сақтап қалу болашақ жастар – біздің қолымызда екенін ұмытпаған жөн!
Болашақта Қазақстаным одан әрі гүлденден, дамыған мемлекеттер қатарында болу үшін біз, жас буын бәсекеге барынша қабілетті, әрі білімді болуымыз керек! Елбасымыз атап көрсеткендей, үш тілді қатар меңгеруіміз керек, себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Сондықтан ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Объяснение:
ҚЫЗ ЖІБЕК ЖЫРЫ (АЛҒАШ ҚАҒАЗҒА ТҮСКЕН НҰСҚАЛАРЫ)
05.03.2018
«Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылдған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз, яғни болса, кейбір сюжеттік қосындылар мен суреттеу, баяндаулардағы қысқа немесе кеңінен толғаушылық болса керек. Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған. Біз төменде аталған нұсқамен қоса Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтап, Қазанда бірнеше рет бастырған толық нұсқасын да жариялап отырмыз.