Англияда 1343 жылдан бастап Парламент екі палатадан тұратын болды. Жоғарғы палата — лордтар палатасы деп аталып архиепископтардан, епископтардан, ірі барондардан құрылды. Төменгі палата — қауымдар палатасы аталды. Оған рыцарьлар мен қала өкілдері қатынасты. Кейін XIV ғасырда Парламент заңдар шығарып отыру құқына да ие болды. Ол орталықтанған мемлекеттің жетістігін бейнелейтін басқару ұйымына айналды. Парламент феодалдық мемлекеттің одан әрі нығая түсуіне жағдай жасады.
Кейінгі орта ғасырларда Англияда капиталдың алғашқы қорлануы қызу қарқынмен жүрді. Оның негізін қауымдық жерлерді қоршап алу қалады. Ол жерлер жекеменшік қой жайылымдарына айналдырылды. Бұрын сыртқа қойдың жүні шығарылса, XVI ғасырға қарай шетелдерге шұға шығарылды.
Шұға тоқу ісінің өркендеуі мануфактураның дамуымен байланысты болды. Ол мата, жібек, тау-кен өндірісінде, металл өңдеуде кең өріс алды. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамып, ұлттық нарық қалыптасты.
Капиталистік қатынастардың тез дамуына сыртқы сауданың өсе түсуі, отар басып алу арқылы да үлес қосылды. Теңіз саудасында үстемдікке жету үшін флот ұлғайды, Испаниямен соғыс жүргізілді. 1588 жылы Англия флоты Испанияның «Жеңілмейтін армадасын» талқандады. 1485 жылдан 1603 жылға дейін Англияны Тюдорлар әулетінен шыққан корольдер биледі. Олардың кезінде король билігі күшейіп, тежеусіз сипатқа ие болды. VIII Генрих 1534 жылы Англияның шіркеуін Римге бағынудан азат етті. Шіркеудің басшысы король деп жарияланды. VIII Генрих алым-салық жинайтын арнаулы палата құрды.
1553-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін қуғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мариядан кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік гимні қабылданып, алғаш рет орындалды.
Ағылшын абсолютизмінің ерекшелігі жергілікті билік орындарында ұсақ дворяндар мен қала буржуазиясы өкілдерінің қызмет етуі еді. Олар қоғамды реформалауға мүдделі болды. Мемлекет аралда орналасқандықтан король парламентпен бірлесе отырып, күшті теңіз флотын құрды. Бұл ағылшын абсолютизмінің өзіндік белгісі саналды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық басқыншылығы күшейді. 1607 жылы Виргинияда (Солтүстік Америка) ағылшын отарының негізі қаланды.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті. 1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. I Яков пен I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар бірте-бірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары қалыптасты.
Объяснение:
ответ:Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Құрбан болғандар: Т.Тәшенов К.Күзембаев Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова Сотталғандар: тірі екені белгісіздер
1. Айтмырза Құрманғазы Зейноллаұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптар бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған,
2. Байсимбеков Ерлан Мамырханұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
3. Декелбаев Ерлан Әбдiрашитұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырыл¬ған
4. Ермеков Тоқтар Тишкулұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
5. Тынышбек Қарлыбайұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша және 201-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
6. Есимбаев Қадыр Сейтханұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған,
7. Есiркепов Уызбек Шәкiрұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
8. Иманғожа Бақтыбек Жұмабекұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған
9. Күзембаев Қайыргелдi Қалиақпар¬ұлы, ҚазССР ҚК 60-65, 88-1, 173-1-баптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған,
10. Қамбаров Қалдыбек, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
11. Қасенбаев Мейрамғазы Жағыпарұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған,
12. Қорабаев Шора Халықұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған,
13. Құдайбергенов Расылхан Омарұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
14. Музаффар Әлiбек Құндақбайұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған,
15. Отарбаев Кенжетай, Қаз ССР ҚК 60-65-баптары бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған,
16. Рамазанов Амандық Сәбитұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
17. Сәбитова Жансая, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған,
18. Сейтiмбет Үсiпхан Әбдiкерiмұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған,
19. Таубай Бақтығали Артықбайұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 4 жылға, 173-II бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған,
20. Шыныбаев Нұрман Әлібекұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Объяснение: