маша111221
25.10.2021 01:54

Кең-байтақ Қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдікке аса бай. Соның бірі — даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жерімізде
Қызғалдақтың 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі — эндемикалық, ЯҒНИ тек Қазақ жерінде ғана
өсетін қызғалдақ саналады. Сондықтан Қазақстан «Қызғалдақтың отаны» аталады.
«Қай ел — қызғалдақтың отаны?» деген сұрақ бойынша талас та бар. Дүниежүзінде
Қызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан ел көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғи
таза, к сімдік саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпар
шашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі бо-
лып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтардың ішінде көп кезде-
сетіні қызыл және сары түстілері.
Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі «Қызыл кітапқа» тіркелген. Сондықтан
Қызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.

НАЙДИТЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНОЕ В ЭТОМ ТЕКСТЕ
У МЕНЯ СОР​


Кең-байтақ Қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдікке аса бай. Соның бірі — даланың сәні

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daniilf02mail
17.06.2020 11:20

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс - тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс - әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер баршылық.

Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс - тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды, оқып үйренген әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқадым. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру – менің міндетім. Жалпы алғанда, білім саласындағы бұл жаңашылдық – әлем дамуының бірден - бір сатысы деп білемін. Осы тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен тіл табыса алатын оқушылар болады деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, ұстаз тарапынан бұл бағдарламаның жаңашылдығымен бірге әр ұстаздың бойында шығармашылыққа толы, заманауи технологияны саналы түрде оқып - білуде, көп жаңалықты үзбей кәсіби шеберлікте жиі пайдаланамын. Білімнің шексіз жаңалықтарын орынды, тиімді іске асыру жолдарын тиянақты орындауға болады. Біз бүгінгі міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Шәкірттің білімді болуы - ұстаз қолында». ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Объяснение:

берите если нужно поставьте ❤ если не сложно

0,0(0 оценок)
Ответ:
Olesya1223
23.10.2021 07:10

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота