Ұлағатты сөздер:
1) Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
Жалпы есімдер: халық, тәлім, мұғалім.
2) Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы.
Жалпы есімдер: тіл, жұрт, жан.
3) Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары.
Жалпы есімдер: сөз, сайыс, тіл.
Сөйлемдер:
Халқының қамын ойлап өскен ұрпаққа не жетсін!
Мына әңгіменің берер тәлімі мол екен.
Мұғалімнің айтқан әр сөзі менің есімде еді.
Қандай тілдерді үйренгің келеді?
Жұрттың бәрі қазір Алмажанның үйінде.
Жаны кіршіксіз таза адам болды.
Екі сөздің басын қоса алмаған деген масқара ғой!
Бұл сайысқа шынығам деп қатыстым.
Тілінің көркемін қара!
Қазақстанның "Қызыл Кітабына" енген жануарлар:
Ақбөкен, киік – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.
Қазақстан арқары – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Сарыарқада, Қалба жотасында, Тарбағатайда, Маңырақ пен Сауыр жоталарында таралған. Құлжасының дене тұрқы 150 – 200 см (аналығы 110 – 160 см), шоқтығының биікт. 125 см-дей (аналығында – 112 см-дей), салмағы 200 кг-ға жуық (аналығы 60 – 100 кг). Құлжасының мүйізі өте мықты, бұралып иілген, қатпарланған сақиналы, аналығынікі – нәзік, қысқа, сарғыш бозғылт немесе қоңыр түсті болады.
Қарақұйрық – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр.