Аяна: - Анашым,ал кітапхана деген не?
Анасы: - Кішкентай қызым менің.Саған қалай айтсам екен...Кітапхана бұл көптеген кітаптардың қоймасы.Онда неше түрлі кітаптар бар.
Аяна: - Тіпті ертегілер де ме?
Анасы: - Әрине,ботам.
Аяна: - Ал кітапханашы деген ше?
Анасы: - Кітапханашы деген сол кітаптардың орнын жатқа білетін,кітаппен дос және сен қалаған кітапты оңай тауып беретін адам.
Аяна: - Онда мен өскенде кітапханашы болғым келеді.
Анасы: - Әрине,сеннен білікті кітапханашы шығушы еді.
Аяна: - Анашым,мен сіз алып берген барлық ертегі кітаптарын оқып бітірдім,жаттап та алдым.Енді маған үлкендер оқитын кітап оқуға бола ма?
Анасы: - Саған әлі ерте.Тағы кітап оқығың келсе,бұл жолы кітапханаға менімен бірге жүр.
Аяна: - Алақай!
1 Абай Құнанбайұлы
Ұлжан (1810-1887) - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы. Арғы атасы Орта жүз Қаракесектен тарайтын Шаншардың Нұрбике деген әйелінен туған Бертіс биден: Мөшке, Битен, Шитен деген немерелері өрбиді. Битеннен - Қантай, Тонтай, Тұрпан, Тұрпаннан - апалы-сіңлілі Ұлжан, Молқара дүниеге келеді. Ұлжаннан: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан туады. Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Ұлжанның бейнесі тамаша жасалған.[1]
Объяснение: