Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Қазақстан жерiнде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсiндер дәуiрiнде (III-ІI) құрылды, ғалым Абел Ремюзенiң пiкiрiнше, үйсiндер Орхон жазуын пайдалана бiлген үйсiндерден кейiнгi түрiк қағанатаы кезiнде Орхон жазулары олардың мемлекеттiк жазуларына айналған. Бұл жазумен түркi қағандары Иранға, византияға, Қытайға т.б. емшiлiк хат жазып жiберген, өлген адамдарының басына қойған құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған. Қазақстандағы жазудың тарихын бiр кездерi ғалымдар тек ислам дiнiнiң тарауымен ғана байланыстырып едi. Орхон жазуы ашылғаннан кейiн зерттеушiлер бұл пiкiрдi жеткiземiз деп тапты. Ғалымдардың жорамалдауынша Орхон жазуын түсiруге тас, түстi металл, былғары, ағаш, сүйек, жiбек сияқты метариалдарда қолданылан. Сөйтiп, бiздiң жазба мәдениетiмiздiң түп тамыры халқымыздың өз жерiнде туды. Оның негiзi-ежелгi ұлыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ құрылған кезiнде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел хандық не тайпа қажеттерi жазудың тууына негiзгi себепкер болды.