Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.
Күшіңе сенбе,
Ісіңесен.
Өзенжағалағанның
Өзегіталмас.
Түйменің инесіз күні жоқ.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма?
Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.
Бір еңбектің — бір рахаты бар.
Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.
Ерінген екі істейді.
Қалған іске — қар жауар.
Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.
Сөзі — аз,
Ісі — саз
Даярға — аяр.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Қазіргі заман батырлары.
"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Бауыржан Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген:"Ешкім батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады".Шынымен де,қазіргі таңда майданда қару алып соғы да,елінің амандығын,тыныштығын қарайлап жүрген тәртіп сақшылары,өрт сөндірушілер,дәрігерлер,құтқарушылар бұрыңғы батырларымыздың ізін жалғастырушылар.
Қазіргі заман батыры – қарапайым адам.Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Атырауда қызды құтқарам деп суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің өшпес ерлігі бәрімізге мәлім.Міне,Шалқар Ақымғалиев қазіргы қазақ батырларының бейнесі десем болады.
Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!