Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.
Көшпелілер өркениеті – жүйемен көшіп – қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы. 2. Көшпеліліктің шығуына ауа райы әсер етті. 3. Далалы, жартылай шөлейт, шөл аймақтарға Қазақстан да кіреді. 4. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге мүдделі етті. 5. Көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоқ. 6. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. 7. Көне Қытай мен Еуропада «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. 8. Себебі сақтар әділ, шыншыл, жауынгер халық болғандықтан, айналасындағы көршілер олардан қатты қауіптеніп отырды.