сархан2007
25.11.2020 02:16

Соч по казахскому языку 7 класс дали 40минут


Соч по казахскому языку 7 класс дали 40минут
Соч по казахскому языку 7 класс дали 40минут
Соч по казахскому языку 7 класс дали 40минут

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kronk123
16.11.2020 10:14

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.

Жасалу жолдары:

-са да, -се де

-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен

(-а,-е,-й)+ тұра

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше


Қыс келсе де,қар жаумады.

Қыс келгенмен,қар жаумады.

Қыс келе тұра,қар жаумады.

Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.

Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.

Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.


Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған-ды.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.

г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Андрей14411
11.05.2023 09:21
Карл Эрнст Адольф Андерсен (нем. Karl Ernst Adolf Anderssen; 6 шілде 1818,Бреслау-13 наурыз 1879)-неміс шахматисті,комбинация шебері және комбинациялық мектептің бастығы,педагог,математика профессоры,ғылым докторы.Адольф Андерсен кедей отбасыда дүниеге келген.Ол тоғызға толған кезде,әкесі шахмат ойнауды үйретеді.Туған қаласы Бреслеудегі әулие Елизавета гимназиясында оқып жүріп,Андерсен оқулықтарына шахмат диаграммаларын салды,сабақ кезінде достарымен шахмат ойнады.Бұл оның гимназияны үздік аяқтауына кедергі келтірмеді.Сосын Бреслау университетінде оқып,мемлекеттік емтихан тапсырды.Оқу дәрежесін Берлинде алды,осы жерде мықты шахматшылармен танысты.Бірінші дүниежүзілік шахмат турнирының жеңімпазы болып,әлемнің ең мықты шахматшысы атанды.1979 жылы 13 наурызда қаза тапты.
Сама переводила
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота