Vanpal03
05.10.2021 11:37

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпаратты есте сақтау бойынша (сызбаға түсіру, кесте жасау, т.б.) жұмыс жүргізіңдер. Мәтіндегі мәліметтерді кесте түрінде жазып көрсетейік. Өсімдікті емге пайдалану туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған. Өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берген ежелгі грек дәрігері Гипократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеуде кеңінен қолдануға болады десе, Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін медицина саласындағы ғұлама ғалымдар қатарына ХҮ ғасырдың шипагер-ғалымы Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де қосылды. Оның «Шипагерлік баянындағы» шипагерлік дәстүр мен үрдіс жаңа белеске көтеріліп, оны зерттеуге кең жол ашылды.

Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытқан Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы мыңнан астам дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қо жасаған. Шипагердің науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа-емді және 4577 дәрі тізбесін ұсынуы ХҮ ғасырда-ақ қазақ жерінде фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді.

Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы жақсы білген. Дарқан даламызда жайыла өсетін қарапайым жусанды алайық. Бұл өсімдіктің «дермене жусан» атты түрін ішек құрты ауруын емдеуге, ал қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт ауруына пайдаланған.

(«Қазақстан ұлттық эниклопедиясынан»)

Үлгі:

1- үлгі 2- үлгі

Реті

1

2

3

4

Бағалау критерийі:

Берілген мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялаңыз.

Дескриптор:

- Берілген ақпаратты түсініп алыңыз, ақпараттарды іріктеңіз.

- Берілген мәліметті кесте не диаграмма түрінде көрсетіңіз.

2-тапсырма. Шартты белгілер бойынша берілген ақпараттарды түсіндіріп, мәтін жазыңдар

Бағалау критерийі:

Берілген мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялаңыз.

Дескриптор:

- Берілген ақпаратты түсініп алыңыз.

- Шартты белгілер бойынша берілген ақпараттарды түсіндіріп, мәтін жазыңдар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
oaooks
23.04.2020 03:00

Ғаламтор туралы диалог құрастыру.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lisonka200
02.03.2021 20:18

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота