1. Тұйық буынды сөздерді табыңыз.
ә) аң, оң, ән
2. «Төбе шашы тік тұрды» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
б) қорқу
3. Жіктелген етістік қайсы?
а) келеді, жаздым, көрдіңіз
4. Лексика дегеніміз не?
в) Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.
5. Мақал дегеніміз не?
ә) Ой тиянақты дәлді, астарлы мәнде тұжырымдалып айтылады.
6. Жеті атаға кімдер жатады?
ә) ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
7. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
в) Мына дәптер мен оқулық Әселдікі.
8. Төле бидің денесі қай қалада жерленген?
б) Ташкентте
9. Термин сөздерді табыңыз.
в) өріс, пада, ақыр, науа
10. Сөйлемнен тұйық етістікті тіркестерді табыңыз.
Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Олар: көкпар, бәйге, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, ханталапай, алтыбақан.Қай
б) теңге алу, жамбы ату, қыз қуу, арқан тарту
11. Сын-қимыл үстеулерін табыңыз.
ә) әрең, әзер, дереу, шапшаң
12. Сөйлемнен шартты райда тұрған сөзді табыңыз.
Алматы қаласы оңтүстік астанамыз болса, Астана – бас қаламыз.
ә) қаламыз
13. Есімдіктен жасалған қос сөзді көрсетіңіз.
ә) жиған-терген
14. Сөздердің ішінен есімшені табыңыз.
а) көреген
а) көрегенб) ойлаған
Көр - ген
Көр - генОйла - ған
15. Жалпылау есімдіктер қатарын көрсетіңіз.
ә) бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүткіл, түгел
16. Күшейтпелі сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
б) Колледж дәрісханалары өте жақсы жабдықталған.
Өте
17. Біріккен сөздер дегеніміз не?
в) Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, бір ұғымды білдіретін сөздер.
18. Қазақтың ұлттық дастарқанында қандай тағамдар болады?
ә) ет, сүт, нан тағамдары
19. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
а) бет, жүз, дидар, келбет
20. Тоқтар Әубакіров қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
б) 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында
Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.