Ұрпақ арасындағы қарым-қатынас
Қазіргі кезде көшеде болсын, қоғамдағы дәрежесі төмен сатыдағы адаммен болсын қарым-қатынас дұрыс емес болып жатыр.
Жас ұрпақтарымыздың бір-бірімен араласып, танысып, сыйласып жүруі өте маңызды.
Ол әрине тәрбиеге байланысты, сонымен қатар жас буынмен қоса қарттарымызға да көңіл бөлу керекпіз.
Қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсек оның өзі бір сауапты іс, мысалы:жолдан өте алмай тұрған қарт адамға көмектес, сөмкесі ауыр болса көтерісіп жібер тағы басқа, бұл дегеніміз сыйластық пен тәрбиенің ең үлкен бір шегі десе де болады.
Қазақ тілі БЖБ
Объяснение:
бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
Мәтіннің мақсаты қандай? Мәтіннің мақсаты Қазақстан азаматының бойында патриотизмді ояту.
Және де үнемі бейбітшілікті сақтауға ұмтылу. Кімдерге арналып жазылған?
Жасөспірімдерге
«Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешіп жатыр. Азаттықтың таңы арайлап атқан сәттен бастап, ұлтаралық келісім мен татулықтың соны үлгісі салтанат құрды. Еліміз тыныш, халқымыз аман. Өндірісі өркендеп, экономикасы дамып келе жатқан, алдына ауқымды міндеттер қойған мемлекеттердің қатарындамыз. Әрине, осының барлығы тыныштық пен тұрақтылықтың, ауызбіршіліктің нәтижесі. Дұрыс та сауатты жүргізіліп отырған саясаттың жемісі.
Досқа адалдық таныту мен қиналған жанға қолұшын – созу қазақтың қанына біткен асыл қасиет. Кешегі кеңестік солақай саясаттың салдарынан қуғын көріп, туған жерінен қуылған мыңдаған халық қазақ даласынан сая тапты. Аталарымыз өздері таршылық көріп отырса да, жер ауып келгендерді жатсынбай, жарты нанды бөлісіп жеді. Ешкімді дініне, ұлтына немесе нәсіліне қарап кемсітпеді. Бұдан қазақ жаман болған жоқ. Қайта, әлемге ұлтаралық татулық пен келісімнің соны үлгісін көрсете білді.
Батыр бабаларымыз ұрпақтың қамы, ұлттың болашағы үшін күресті. Осынау асты мен үсті қазынаға толы ұлан-ғайыр мемлекетті бізге аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздік пен бейбітшілік – бабалар арманы. Сондықтан да, оның қадірін түсініп, бағалай білуіміз керек.