Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Қонақ үйде.. --Сәлеметсіз бе ? --Сәлеметсіз бе ? --Сіздерде бос орын бар ма ? --Бізде бос орын бар. --Сізге неше орынды бөлме керек ? --Маған екі орынды бөлме керек. --Екі орынды бос бөлме бар. --Бөлме нешінші қабатта.? --Бөлме екінші қабатта. --Қонақүйде мейрамхана, шаштараз бар ма ? --Біздің қонақүйімізде мейрамхана, шаштараз бар. --Сіз неше күн боласыз? --Біз үш күн боламыз .Міне біздің құжаттарымыз. --Үш күнге қанша төлеуіміз керек ? --Үш күнге 7280 тенге төлейсіз.. --Міне ақшаңыз,санап алыңыз., Темір жол бекетінде. --Астанаға қай пойыз жүреді? --Астанаға №5 пойыз жүреді. --Қай кассадан билет сатып алуға болады ? --Үшінші кассадан билет сатып алыңыз. --Билеттің бағасы қанша? --Билеттің бағасы 5250 теңге. --Маған бір билет , міне ақшаңыз санап алыңыз. --№ 5 пойыз қай платформаға тоқтайды ? --№ 5 пойыз екінші платформаға тоқтайды. --№5 пойыз қай жолдан жүреді ? --№ 5 пойыз бірінші жолдан жүреді. -- Менің вагоным нешінші вагон? -- Сіздің вагоныңыз № 6 вагон. Театрда. --Сәлеметсіз бе ? --Сәлеметсіз бе ? --Сізде бүгін қандай спектакль болады ? --Бүгін бізде ,,Біржан мен Сара ,, операсы болады. --Бұл операда неше бөлім ? --Операда екі бөлім. Сағат нешеде басталады ? --Сағат екіде басталады. --Сізге неше билет керек ? --Екі билет. --Екі билеттке қанша төлеуіміз керек? --Екі билеттке 2200 теңге төлейсіз. --Міне ақшаңыз , санап алыңыз.
-- -
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку