
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.
Ұлттық қауіпсіздік ұғымын қалай түсіндіресіз?
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсізідігі ең алдымен жас, тәуелсіз мемлекетіміздің егеменділігін, саяси тұрақтылығын, ішкі бірлігін сақтау болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз не?
Қоғамдық қауіпсіздік- ең алдымен, қоғам мүшелері өмірінің, денсаулығы мен игілігінің шынайы және әлеуетті қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
Ұлттық мүдденің құрамы қандай?
Ұлттық мүдде, ең бірінші, қоғам ішінде немесе одан сырт жерде қалыптасқан және мемлекеттің, жеке адамның және қоғамның талап-тілегіне кесірін тигізетін кез келген деструктивті ашу-ызаға қарсы әрекет пен оның өтемін жасаудан тұрады.
Ұлттық құндылықтар ненің жиынтығы болып табылады?
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Мемлекеттің қауіпсіздігі туралы не айтасыз?
Мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау- басты міндет.